УДК 633.854.78.+633.854.59.

Майлы дақылдардың тұқымының жинақталуы жылдық ылғалдылығына

 байланысты.

 

В.И. Слабуш – майлы дақылдарды сұрыптау бөлімінің орынбасары.

В.А. Мельников – Қостанай ҒЗИ  АШ-ң аға ғылыми қызметкері.

И.В. Сидорик – Қостанай ҒЗИ  АШ-ң аға ғылыми қызметкері.

 

            Судың өсімдікке тигізетін әсері алуан түрлі: одан жасушалардың тургоры, бірігудің диссоциациасы, гидродациясы, заттың қайта айналымы тәуелді болады. Көміртекті ассимиляциялау жұмысына су үлкен септігін тигізеді, яғни фотосинтез процесінде пайда болған алғашқы өнім: туынды өнім, сонымен қатар май, су элементтерінің міндетті түрде қатысқанында қалыптасады.

            Су өсу организмінде негізігі бөлімін құрайды. Өсімдікке органикалық заттың пайда болуына ылғалдылықтың көп мөлшері керек екені М.А. Егоровтың келтірген мысалынан көреміз. Өсімдікке судың (1927) шығын есебі өсіп - өну кезеңіне 1 га –на 45 цн. өнім негізінде құрғақ зат  (бидай және сабан)

Арпа                               -      2115,0т.;

Сүлы                               -     2164,5т.;   

Жаздық бидай                -     2505,0т.;

Күздік бидай                   -   2570,5т.;

Тары                                -    555,0т.;

Жүгері                             -     801,0т.:

Сәйкес келеді құрғақ  органикалық заттың бір бөлігіне орташа есеппен судың 400 бөлігі сәйкес келеді.

            Судың көп бөлігі траспирацияға жұмсалады. Мұндай көп мөлшердегі су шығыны өсімдіктің өсіп- өну кезеңінде келесідей көрсетіледі  (пайыз түрінде): жоғарда көрсетілгендей  өсімдік суды өте көп мөлшерде қажет етеді.

Молекуладағы тірі жасушалар               – 0,09

Дымқыл салмақта                                     -0,90

Қоректік заттарды пайдалану үшін       -9,00

Булану үшін                                            -90,01

            К.А. Темирязев жазғандай: «Өсімдіктерде адамда мүлдем өндірілмейтін басқа да жұмыстар жүргізіледі» (1937, К №1), -біріншіден: өсімдік өмір бойы суды буландырады, мөлшерін естігенде шынымен сенбей де қаласың».

            Жер шарын климаттық белдеуде негізделген, сонымен қатар - өну кезеңіне жауын-шашын әр түрлі көрініс табады. Аудандарды мол ылғалды, орташа ылғалды, жауын-шашынның жетерлі  мөлшердегі, құрғақшыл және құрғақ жерлер деп айырады. Құрғақшыл жерлерге қарағанда ылғалды аудандарда жарық, жылу және ылғалдылық мүлдем басқаша болады.

            Осыдан фотосинтездің және заттың құрылуының келер фазалары, сонымен қатар қор айырмашылығын табады. С.Л. Ивановтың бақылауы бойынша  майлы дақылдардың қопсытуының жекелеген түрлерінің химиялық құрамының  өзгермелі екенін анықтап, «Ағзадағы заттың негізгі биохимиялық  заңы» атты теория ұсынды. Бұл  теорияның негізі жылдар бойы  құрылды. Нөлдік технологияда ол анық байқалды (15,1-15,5 %).

            Ыстық, оңтүстік  аудандарда дәнді дақылдарды (пішініне, түріне, сортына) суару кезінде олардың дәндеріндегі майдың және йодтың пайда болуы күрт өскенін тәжірибе жүзінде дәлелденді.

            Орталық және солтүстік аудандарда егілген  кейбір дәнді дақылдардың сорттарында әр түрлі ылғалдылық жағдайында өніп- өсу кезеңінде дәндерден бөлінетін  майдың және йодтың көрсеткіші өте көп. Ылғалдылық жағдайында өскен дәнді- дақылдар сортынан бөлінетін май мен йодтан айырмашылығы анық көрінді.

            1920 жылы А.В. Отрыганьевтің күнбағыстың өніп- өсу кезеңі бойынша жасаған тәжірибесінде күнбағыс ядросындағы майдың көбеюі топырақтың ылғалдылығына байланысты екеніндігін дәлелденді (ылғалдылық өседі 15-50% болғанда май бөлінеді. 66,2 % бірге алғанда 53,3%, яғни 12,9% өскен)

            Н.Н Иванов (1926 жылы) бір келкі жағдайдағы суарылған және суарылмаған зығырмен жасаған тәжірибесінде ұқсастық тәуелділігін анықтады. Тәжірибе Уральск аймағында жүргізілді: тәжірибе 10 сортпен жүргізілді. Майдың шығуы төмендегідей болды: суарусыз – 35%, суарылғанда – 36,9%, айырмашылық 1,9% болды. Суарудың нәтижесінде майдың өсу пайызымен бірдей йодтың өсуі де байқалды.

Майдың пайда болу процесі тек ылғалдылыққа байланысты екендігінде еш күмән жоқ. Көрсетілген мәліметтер бойынша майдың шығуы суарудың маңызды-лығына  байланысты екенін дәлелдеді.

Агротехниканың көмегімен осындай көрсеткіштер алуға болады.

Мысалы: сояның «Гонджулинская» деп аталатын сұрпының суарылмаған бөлі-гіндегі майдың шығуы – 17,36% , ал суарылған бөлігіндегі майлылығы 26,69 % (айырма – 9,33 %)

Майлы дақылдардың өніп- өсу кезеңіндегі ылғалдың мол болуы (суару, жауын-шашын) дәнді-дақылдардан көп мөлшерде майдың және йодтың бөлінуі байқалады.

Осы жағдайда ақуыздың пайда болу процесі баяулауға ұшырайды, оның саны кемиді.

Солтүстік Батыс АШҒО (Заречный ауылы)  егістігінде жүргізілген нәтиже-сінде құрғақшылық жылдарға қарағанда ылғалдылығы мол жылдарда зығырдың майлылығы артатыны белгілі болды.

Кесте: майлылықтың өзгеруі өсіп өну кезеңіндегі ылғалдылыққа байланыстылығы (майлы зығыр).

Сорт

Майлылығы  %

2005 г ( ылғал)

2006 г(құрғақ)

Ауу  %

Кустанайский янтарь 

42,0

40,5

1,5

Казар

41,9

40,1

1,8

Северный

45,9

43,2

2,7

Сокол

45,7

43,6

2,1

Исилькульский

42,8

40,7

2,1

Легур

45,7

41,6

4,1

371

42,4

39,4

3,0

117

42,3

38,7

3,6

425

42,5

40,4

2,1

1656

41,4

39,3

2,1

 

1-ші кестеден, 2005 ылғалды жылдағы зығырдың майлы сортының майлылығы 2006 құрғақшылық жылымен салыстырғанда 1,5% пен 4,1% аралығында болды. («Легур» сорты) негізгі климаттық шарттар – жарық, жылу және ылғал майдың пайда болу процесіне әр түрлі ықпал етеді, әсіресе ылғалдылық негізгі шарт болып табылады.

Бұл шарт майдың пайда болу процесінің қалыпты жағдайда өтуіне, көп мөлшерде майдың бөлінуіне, оның сапасының жақсы болуына, ал жарық пен жылу майдың бөлуіне қолайлы жағдай туғызады.

 

Түйіндеме

 

Өсімдік организміндегі судың қызметі көрсетілген. Майлы дәнді-дақылдардың тұқымындағы майлардың жиналуы ылғалды жыл жағдайларына байланыстылығы белгілі болды.